Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26 пайызды құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан — жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасы аясында алдағы бес жылда бірқатар істер жүзеге асырылады.
Бүгін, «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Бертаев белсенді жастармен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін талқылады.
Қай заманда болмасын қазақ халқы жастарға аса көңіл бөліп, олардың ержүрек, адал, қайратты, өжет, ақылды болып ер жетуіне және бой жетуіне бар үлестерін қосты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар — біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету — біздің міндетіміз» — деген болатын.
Кездесу соңында Е.Бертаев ауданымыздың, шырайлы қаламыздың игілігі үшін белсенді болып, партияның «Жастар — Отанға» бағдарламасы аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*