ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің менеджерлері қаладағы бірқатар дәріханалардағы дәрілердің баға тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында дәрі-дәрмектерді шекті бағадан көтеру және медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді лицензиясыз сату фактілері анықталған жоқ.
Шарада аталмыш жоба менеджерлері қалада орналасқан бірқатар дәріханаларға сұранысқа ие дәрілік заттардың арнайы шекті бағалары жазылған парақшаларды іліп, қала тұрғындарының баға өсімін тікелей өздері бақылай алулары үшін нақты жұмыстар жүргізді.
Осы орайда, Шымкент қаласы тұрғындарының назарына дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, +7775-306-78-50 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы дәріхана атауы мен орналасқан жерін және дыбыс пен бейнематериалдарды қосымша жіберуге болатындығын хабарлаймыз!
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.