Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰРҒЫНДАР ӨЗ АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРУДЕ

ТҰРҒЫНДАР ӨЗ АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРУДЕ

Шымкенттік тұрғын жол-белгілерінің орнатылуына байланысты алғыс айтты. Әлеуметтік желі қолданушылары Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми парақшасына өздерін мазалаған мәселелер бойынша хабарламалар жолдайды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары келіп түскен жайттың мән-жайын анықтап, жедел іс-әрекетке көшеді. Ал нақты нәтижелер барысы тұрақты түрде ресми парақшаларымызда жарияланып, үнемі халықпен кері байланыс қарқынды жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтардың сенім деңгейін арттыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстарға тұрығындар өз алғыстарын білдіруде.
Мәселен, Шымкент қаласы Абай ауданы Тасбұлақ көшесі №475 жер телімінде орналасқан «Дәулет» балабақшасының алдына жасанды жол белгілерін орнату бойынша сауал жолдаған болатын.
Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік Полиция басқармасының қызметкерлері осыған қатысты тиісті шешім қабылдау мақсатында мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Аталған хабарламаның негізінде ҚР Жол жүрісі қағидасына сәйкес Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұйғарым жолданып, жол белгілері қойылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*