Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121 – VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71 — тарауы қолданысқа енгізілді. Енгізу туралы Заңның 45–1–бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең — кезеңмен енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу туралы Заңның 45–1–бабының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанды қоса алғандағы жағдай бойынша: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын жеке тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі–сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар тапсырады.

Бұның алдында аталған санаттағы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы Заңның 27–бабында баяндалған 11–баптың 2–тармағының негізінде, сондай–ақ енгізу туралы Заңның 33–бабында баяндалған редакцияда қолданыстағы Салық кодексінің 363–бабының 2–тармағына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациясын (230.00 СЕН) тапсыру 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылған.

Яғни, жалпыға бірдей декларациялауды, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 СЕН) енгізуіне байланысты, кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 356 – бабының 1–тармағында енгізу туралы Заңның редакциясында жеке табыс салығын (бұдан әрі–ЖТС) есептеу мен бюджетке төлеуді жеке тұлға Салық кодексінің 363–бабының 1–тармағына сәйкес ЖТС (240.00 СЕН) бойынша декларацияны табыс ету жолымен салық кодексінің 321–бабында көрсетілген табыстар бойынша дербес жүзеге асыратыны көзделген.

Осыған байланысты, Салық кодексінің 363–бабы 1–тармағының 3), 4), 11) және 12) тармақшаларына сәйкес ЖТС (СЕН 240.00) бойынша декларациясын табыс ету бойынша міндетті:

– мүлік табысынан кіріс алған жеке тұлға;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден табыс алған жеке тұлға;

– Қазақстан Республикасының азаматтарында, қандастарда және Қазақстан Республикасында тұруға құқы бар, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мүлкі бар жеке тұлғалар:

Салық Кодексінің 364–бабы 1–тармағына сәйкес  ЖТС (240.00 СЕН) бойынша декларациясын салық органына кейінгі жылдың салық кезеңінен 31 наурызынан кешіктірілмей 10% мөлшерлеме қолданыла отырып, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тапсыру тапсыру керек, декларация табыс етілген мерзімнен кейін 10 күннен кешіктірілмей мерзімі бойынша ЖТС төленеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарындағы жағдай  бойынша (СЕН 250.00) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, сайлау туралы Заңға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы Заңға, банк Заңына, сақтандыру қызметі туралы Заңға, бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес декларацияны табыс етеді. (СЕН 250.00) активтер мен міндеттемелер туралы Декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша, яғни жеке тұлға тіркелген салық органына ұсынылады.

Қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

Электронды түрде ұсынылған жағдайда –  декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

Декларацияны қағаз түрінде Мемлекеттік кірістер органдарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ЦОН) келу тәртібімен ұсынылады.

Декларацияны салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat mobile және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде тапсыруға болатынын назарыңызға жеткіземіз. Түсінбестік туған жағдайда мына байланыс телефоны 56-25-67 арқылы хабарласуға болады.

 

Б.УТЕГЕНОВ,

Шымкент қаласы, Абай ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*