Қазығұрт ауданында 17–19 шілде аралығында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Үстіміздегі жылдың Қазығұрт ауданында 17 шілдеде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы жанжалдарды ерте кезеңде анықтау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, құқықтық кеңестер беріліп, заң талаптары түсіндірілуде.
Сонымен қатар, отбасылық жанжалға бейім азаматтармен жеке профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, қорғау нұсқамаларының сақталуы мен сот белгілеген ерекше талаптардың орындалуы бақылауға алынған. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға қажетті құқықтық және психологиялық көмек алу жолдары түсіндіріліп, тиісті мекемелердің қызметтері туралы ақпарат берілуде.
Отбасындағы тыныштық пен өзара сыйластық – қоғамның тұрақтылығының негізі. Сондықтан құқық қорғау органдары азаматтарды тұрмыстық жанжалдарды күш қолдану арқылы емес, заң аясында және өзара түсіністікпен шешуге шақырады.
«Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – әрбір отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Іс-шара аясында профилактикалық жұмыстар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталуда. Бұл бағыттағы шаралар «Қауіпсіз қоғам» жобасының негізгі қағидаттарымен үндесіп, қауіпсіз әрі заңға бағынатын қоғамдық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Полиция қызметкерлері мемлекеттік және жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуға ерекше назар аударуда. Мұндай жұмыстар құқық қорғау органдарына деген сенімді арттырып, азаматтардың құқықтық мәселелер бойынша дер кезінде жүгінуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қоғамды кез келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыру мақсатында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамаудың маңыздылығы түсіндірілуде. Бұл өз кезегінде қоғамдық тәртіпті нығайтып, қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы, өзара қолдау көрсетуі және заң талаптарын сақтауы қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құрудың маңызды негізі болып табылады.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары