Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША 47 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША 47 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2026 жылдың І жартыжылдығында интернет-алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының және лудоманияның алдын алу бағытында 47 профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Нәтижесінде 36 мыңнан астам тұрғын қамтылып, әлеуметтік желілердегі профилактикалық материалдардың жалпы қаралымы 4 миллионнан асты. Сонымен қатар жастар, кәсіпкерлер және зейнеткерлер арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәрістер, форумдар мен кездесулер өткізілді.

Жыл соңына дейін бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып, тұрғындардың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа жобалар іске асырылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, Экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы мәлімдеді.

2026 жылдың І жартыжылдығында тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Студенттерге қаржылық сауаттылық, цифрлық гигиена, жеке деректерді қорғау және жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану тақырыптарында дәрістер мен семинарлар өтті.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық анимациялар мен қаржылық қауіпсіздікке арналған әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.

Қаржылық сауаттылық айлығы аясында QUIZ ойындары, интерактивті кездесулер, экскурсиялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғындарға интернеттегі күмәнді ұсыныстарды ажырату, бейтаныс адамдардың қаржылық операциялар туралы өтініштеріне сенбеу және жеке мәліметтерді қорғау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар қаржы пирамидаларына қатысудың тәуекелдері мен құмар ойындарға тәуелділіктің әлеуметтік салдары туралы ақпарат берілді.

Мамандар азаматтарды қаржылық шешім қабылдау кезінде сақтық танытып, кез келген ұсыныстың заңдылығы мен сенімділігін тексеруге шақырды. Алдағы уақытта да жастар мен әлеуметтік осал топтарды қамтитын түсіндіру жұмыстары жалғасып, интернет-алаяқтық пен өзге де қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылмақ.

Жыл соңына дейін жаңа ақпараттық жобалар мен ағартушылық іс-шаралар жалғасып, тұрғындардың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін нығайту жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*