Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Cаясат » Ғылыми түйін…

Ғылыми түйін…

Бүгін түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан шаһарында «Түркістан және Түркология» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркологияның өзекті мәселелері ғылыми талқыға түскен алқалы жиынға алыс-жақын шетелдер мен қазақстандық 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.
Отырысқа модераторлық еткен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі ғылыми басқосу тілі, ділі, діні, тегі бір түркі халықтарының мәдени ықпалдастығы мен өркениет бірлігін жаңғыртып, бүгінгі жағдайын баяндау арқылы терең тарихынан сыр шертетініне сенім білдірді.
«Киелі шаһар «Мәдени жыл» эстафетасын қабылдап, тарих тұғырында таңбаланар айтулы күннің куәгері болып отырмыз. Түркілік қайта өрлеу дәуірінің жемісін көрудеміз. Бұл кешегі түркілердің бірлігін аңсаған Түрік көсемі Ататүрік пен Алаштың арда ұлы Мұстафаның асқақ арманы еді. Біздің мығым бірлігіміз, тұтастығымыз – ортақ руханияттың алтын қайнары, сарқылмас ғылым бұлағы. Түркі әлемі бірлігінің бүгінгішынайы жанашыры, Түркі әлемінің ақсақалы атанған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен іске асқан түркі бірлігінің айшықты көріністерінің бірегейі бүгінгі шара деп білемін», — деді Ж.Түймебаев.
Басқосуда ғылыми конференцияның құрметті қонақтары ҚР Мәдениет және спорт министрі Аарыстанбек Мұхамедиұлы, Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Мұстафа Рухи Өзбилгич, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Мырзатай Жолдасбеков, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сынды бірқатаразаматтар құттықтау сөз сөйледі. Ал Назарбаев Университетінің профессоры, (Винсон-Мадисон/АҚШ) Юлай Шамилоғлы, Қазақстан Ғалымдар одағының Президенті, доктор, профессор Оразалы Сабден, Түркия Республикасы, Мармара университетінің профессоры Томар Женгиз бен Ресей Ғылым Академиясының докторы, профессор Фирдаус Хисамитдинова баяндама жасады. Ғалымдар «Түркістанның түркі тарихы мен мәдениетінен алатын орны», «Қ.А.Ясауидің түркілік ислам идеологиясын қалыптастырудағы рөлі», «Тарихи жазба деректер мен көне жәдігерлерді зерттеудің маңыздылығы» мен «Б.Кенжебайұлы және түркітанудың өзекті мәселелері» бағыттары аясында жайын талқылап, пікір алмасты.
Ғылыми жиын қорытындысы бойынша сөз алған аймақ басшысы бүгінде түркі халықтары тарихын «интеграциялау» мәселесі көкейкесті екенін айтты. Осы орайда, ол Түркіхалықтарының достығы мен бауырластық байланыстарын нығайтып, түркі мәдениетін әлемге танытатын бұл Халықаралық деңгейдегі конференцияның маңызы орасан зор екенін жеткізді.
Айта кету керек, «Түркістан жәнеТүркология» халықаралық конференциясында 8 мемлекет тарапынан ұсынылған 115 ғалымының баяндамалары жинақталып, қатысушыларға ұсынылды. Аталған ғылыми жобалар Түркі жастарының білім ордасына айналған Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде білім алатын жастардың ғылыми ізденістеріне үлкен септіктерін тигізетін болады. Конференцияда айтылған пікірлер мен ұсыныстар ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының басты мақсатында көрсетілгенТүркі дүниесі халықтарының ортақ өткені мен тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің зерттеулері болашақ ұрпақтарға мұра болады деген сенім бар.

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*