Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ұлттың ұлы қазынасы

Ұлттың ұлы қазынасы

2021 жыл –Балалар әдебиеті жылы аталуына орай қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толуына орай Шымкент қаласы ОКЖ №11 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы қазынасы» атты кітап көрмесі өтті.

Шараның мақсаты  — оқырмандарға ұлы тұлғаның өмірі мен мол мұраларын насихаттап, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Кітапхана меңгерушісі Баймұханбетова Айжан айтулы тұлғаның өмірбаянымен таныстырды.

Ол дарынды педагог, ағартушы, ақын, жазушы, этнограф, ғалым ретінде артына өте құнды әрі бай мұра қалдырды.

Ыбырай Алтынсарин –кириллица таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы болды. Орынбордан оның «Қазақ хрестоматиясы» басылып шықты. Жеткіншектер үшін аса қажеттілігі ескеріліп, сапалы, керекті оқу құралына айналды. Кеңес дәуірінде идеологиялық саясат пәрменді, күшті, қуатты болды. Оның «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты еңбегі  мұғалімдерге арналған тұңғыш оқу құралы болды. Бұл кітаптарда өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекке, имандылыққа тәрбиелейтін үлгі-өнегеге, ғибратқа толы шығармалары ешқашан маңызын жоймайды. Балаларды талаптылыққа, сабырлылыққа, мейірімділікке, рақымды болуға, обал мен сауапты танып-білуге, әлсіздерді ренжітпеуге тәрбиелейді.  Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқу, өнер, техниканы игеруге үндейді. Ол қазақ баласына ұлттық құндылықтар арқылы тәлімді тәрбие берген ұлы ұстаз.

Кітапхана қызметкері Дәулетова Салима кітап көрмесімен таныстырды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*