Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы институтын қолдау және отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте отбасылық және гендерлік саясат аясында ана мен баланы қорғау, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру және отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Осы бағыттағы жұмыстардың маңызын түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Жол көлік колледжінде» студенттердің қатысуымен «Отбасы – бақыттың бастауы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов, Сараптамалық кеңес мүшесі Б. Жандосова, «Әділет» партиясының өкілі, колледж ұстаздары мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, құқықтық көмек көрсету мәселелері кеңінен сөз болды.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жастарға заңды білу – өз құқығын қорғаудың негізі екені айтылып, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік пен түсіністіктің маңызы аталып өтті.
Отбасылық құндылықтарды нығайту – қоғамның тұрақтылығы мен болашақ ұрпақтың тәрбиесіне тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Отбасындағы сыйластық, сенім, өзара қолдау мен жауапкершілік жастардың тұлғалық қалыптасуына және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің артуына ықпал етеді.
Отбасылық және гендерлік саясат аясында әр адамның, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық беріледі. Ана мен баланы қорғау, отбасындағы қолайлы ахуалды қалыптастыру, құқықтық көмек пен ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету – отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Кездесу барысында әйелдердің қоғамдағы рөліне де назар аударылып, олардың отбасы мен қоғам өміріндегі орны, құқықтары мен мүмкіндіктері туралы түсініктер айтылды. Әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау және отбасындағы жауапкершілікті тең бөлісу мәселелері де отбасылық және гендерлік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі екені атап өтілді.
Мұндай кездесулер жастардың отбасы құндылықтарына деген жауапкершілігін арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік береді. Құқықтық сауатты, отбасылық құндылықтарды құрметтейтін және өзара сыйластықты жоғары қоятын ұрпақ қалыптастыру – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары