Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жастармен отбасы және гендерлік саясат мәселелері талқыланды

Жастармен отбасы және гендерлік саясат мәселелері талқыланды

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыруымен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының, Шымкент қалалық Әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова, Әл-Фараби АПБ ОТЗЗҚКБ бастығы, полиция майоры Асел Оралбековна Абжаппарова, сондай-ақ Әл-Фараби аудандық Мансап орталығының маманы Ерман Мейржан Жалынұлы қатысты.

Кездесу барысында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық және жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Жиын барысында қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы институтының маңызын арттыру және жастар арасында жауапты отбасылық қатынас мәдениетін қалыптастыруға да назар аударылды. Отбасылық және гендерлік саясат аясында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, олардың қоғамдағы белсенді рөлін арттыру, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға бағытталған жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар демографиялық саясаттың негізгі бағыттары, отбасыларға қолайлы жағдай қалыптастыру және жастардың болашақ отбасы мен әлеуметтік өміріне жауапкершілікпен қарауы жөнінде пікірлер айтылды. Тұрақты отбасы, бала тәрбиесіне қолайлы орта және отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құндылықтар ретінде қарастырылды.

Қатысушылар студенттерге аталған бағыттар бойынша ақпарат беріп, құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп, жастарды өз болашағын жоспарлауға шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*