Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕГІС ДАЛАСЫНАН-ДҮКЕН СӨРЕСІНЕ ДЕЙІН

ЕГІС ДАЛАСЫНАН-ДҮКЕН СӨРЕСІНЕ ДЕЙІН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты. Елшібек батыр көшесінің бойында орналасқан әлеуметтік дүкенде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Президентіміздің «егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасы Шымкентте жүзеге асырылуда.
Аталған жобаға бөлінген инвестиция құны – 50 млн теңге. Мұнда күнделікті бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарлары қолжетімді бағада сатылуда.
Бұл дүкенде тек қана Шымкентте өндірілген азық — түлік тауарлары, жылыжай өнімдері жинақталған. Яғни, азық — түлік тауар өндірушілер мен дүкен иесі арасында ешқандай делдал жоқ. Сонымен қатар, мұнда өнімдер қаладағы орташа нарықтан 20 пайыз төмен бағада сатылады.
Қала әкімі жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін осындай дүкендер бойынша үйлестіруді ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы басшысына тапсырды. Тауарлардың түрлерін көбейтуді де міндеттеді.
Мұрат Әйтенов экономикадағы бағаны тұрақтандырудың бірден бір жолы ретінде осындай дүкендерді көбейту бағытында жұмыс жанданатынын атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*