Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі саласы бойынша азаматтарға 14 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде. 2021 жылдың 3 айында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 107 мың 540 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды. Оның ішінде 99456 өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы, 5 мың 309 өтініш тікелей Көші-қон қызметі басқармасымен, 2 мың 775 өтініш қызмет көрсетушінің электронды ақпараттық жүйесі арқылы орындалды. Орындалған өтініштер:
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу 2775 өтініш;
— ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу – 18846 өтініш;
— ҚР азаматтарының жеке куәліктері мен төлқұжаттарын ресімдеу және беру – 27039 өтініш;
— Еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсаттар беру және бұрын берілген рұқсаттарды созу – 4202 өтініш;
— ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлерінен тіркеуден шығару -358 өтініш;
— Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу — 121 өтініш;
— Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 108 өтініш;
— Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу – 79 өтініш;
— Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру 290 өтініш;
— Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтарға Виза беру және оларды созу -196 өтініш;
— Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу — 94 өтініш.