Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ЖУРНАЛИСТЕР АЛЛЕЯСЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖУРНАЛИСТЕР АЛЛЕЯСЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін «Шымкент Сити» шағынауданында Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен 100-ге жуық көшет егілді, деп жазады қалалық ақпаратты қкомунникациялық орталыққа сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Игі шараға қаламы қарымды журналистер қауымы қатысты. Олардың қатарында Байдулла Қонысбек, Бақтияр Тайжан, Дулат Әбіш, Әсет Әссанди, Балтабек Түйетаев, Ерсұлтан Әмірбек, Тұтқабай Фазылбек т.б. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.
Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың айтуынша, бұл аллея алдағы уақытта шымкенттік журналистердің бас қосар алаңына айналмақ.
Қаланы көріктендіруге келген қаламгерлер жаңа аллеяны «Қазақ журналистерінің аллеясы» деп атауды ұсынды.
— Таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзі ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында көшет егу челленджін жолдаған еді. Енді міне, мегаполистегі елу шақты журналистің басын қосып, 100-ге жуық көшет отырғыздық. Бұл — біздің қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, — деді Уәли Қыдыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*