Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «МҰҢАЙТПАС МҰҚАН» ҚОЙЫЛЫМЫ — САХНАДА

«МҰҢАЙТПАС МҰҚАН» ҚОЙЫЛЫМЫ — САХНАДА

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Мақталы» халық театры «Мұңайтпас Мұқан» атты сахналық новелланың премьерасын ұсынды. Өнерпаздар жаңа қойылымды Ордабасы аудандық мәдениет үйінде карантин талаптарын сақтай отырып, көрермен назарына ұсынды.
Қойылымның авторы – талантты режиссер, Шымкент қалалық әзіл сықақ театрының қызметкері Самат Алтай, режиссері Е.Тленов.
– Қажымұқан атамыз туралы зерттеулер, мақалалар мен кітаптар жарық көріп жатыр. Олардың әрқайсысын оқып, зерттей-зерделей отырып, Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы пьеса жоғын білдім. Жазып шыққан сахналық новелланы «Мақталы» халық театры қойсақ деген өтінішпен шықты, — деді қойылымды тамашалауға барған режиссер Самат Алтай.
Жастайынан ерекше күш иесі ретінде танылған Қажымұқанның өмірінен қойылым өзіне қазақтың бар болмысын сыйғызды. Жылқышы мен байдың текетіресінен басталған оқиға аламан той мен айтысқа ұласты. Той-жиыны күрессіз, бәйгесіз тарқамаған, қазаны оттан түспеген, сабасы қымыздан босамаған кең жүрек халықтың тұрмысын осы бір туындыға сыйғызып, көрермен жүрегіне жеткізе білген өнерпаздар көпшіліктің қошеметіне бөленді.
А.Керимкулова

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*