Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында Солтүстік өңірлерінің өкілдері көпбалалы аналарға қоныс аудару бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Алыстан келген қонақтардың қатарында Екібастұз қаласы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту мекемелерінің өкілдері болды. Солтүстік өңірлерде халық саны аз, жұмыс күші тапшы және тұрғын үй мәселесі шешімін тапқан.
Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген аудан әкімдік, жұмыспен қамту мекемелері мамандары биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне 204 мың теңгеден, көшіп жайғасу үшін бір реттік қаржы берілетінін айтты. Мысалы, 4 баласы бар отбасы қоныс аударса 1 млн 225 мың теңге беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға және коммуналдық шығындарға әр отбасыға ауылдық жерлерде 61 мың, қалалық жерде 87 мың теңге ұсынылады.
Павлодарда қоныс аударушыларға арнап 307 пәтер салынған, қазір 200 пәтер өз иесін күтуде. Өз кәсібін бастағысы келген азаматтарға гранттар беріледі.
– «Серпін» бағдарламасымен солтүстікте білім аламын деуші жастарға да тегін оқу гранттары ұсынылады. Тегін жатақхана, жылына екі рет жол қаражаты, 2 мезгіл тамақ, тіпті киімге дейін беріледі, – деді Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлім басшысы Меруерт Есембаева.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*