Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Абай ауданы, «Қазығұр» елдімекенінде (бұрынғы Карл Маркс бөлігінде) жаңа Мәдениет үйі бой көтереді, деп жазады қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Жалпы аумағы — 0.15 га жерді қамитын құрылыс нысанының аумағына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасыры Шыңғыс Мұқан және Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов арнайы барып, Мәдениет үйінің жобасымен танысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құрылысы жоспарланып отырған Мәдениет үйін жергілікті түрік — әзірбайжан ұлтының өкілдері жеке қаражаттарына салуда.
— 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі — баршамызға құтты болсын! Бір мемлекетте ұлт болып ұйысып тұрғаннан соң, қоян — қолтық араласып, бір — бірімізбен тату — тәтті тұрып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болып, қаламыз көркейе берсін, — деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Шара барысында Мәдениет үйінің құрылысына атсалысып жатқан елдімекен тұрғындары Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*