Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТТІҢ ҮШ ШТАММЫ ДА АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТТІҢ ҮШ ШТАММЫ ДА АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте індетке байланысты құрылған штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында коронавирус инфекциясымен күрес нәтижелері, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыға түсті.
Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі. Өткен тәуліктерде Германия, Өзбекстан, Үндістанда КВИ жұқтыру деректері көбейген.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, Шымкент қаласында дүние жүзінде таралып жатқан індеттің үш штаммы да тіркелген. Бұл жөнінде ең қысқа уақыт ішінде арнайы брифинг өтетін болады. Сондықтан да сақтық шараларын қатаң ұстаудың маңыздылығына тоқталды.
Жыл басынан 3155, соңғы тәулікте 131 жағдай тіркелген. 1848 адам емделіп шыққан.
Басқарма басшысы қалада 38 бекетте вакциналау жүргізіліп жатқанын, екпе алушылар арасында мұғалімдер алда келе жатқанын атап өтті. 22 сәуірде қалада 839 адам вакцина алды: I компонент – 826, II компонент – 13. Егу науқаны басталғалы барлығы 73 972 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7 160 адамға вакцинаның екі компоненті салынды.
Вакцина салдыру бастапқы кездері баяу жүрген болса, қазіргі қарқыны жақсы. Қазіргі таңда вакцина алған мұғалімдер – 16 311, медицина – 11 043, құқық қорғау қызметкерлері – 6315, созылмалы аурулары бар азаматтар – 4566, студенттер – 2306 және басқалар – 33 421 адам.
Шымкент вакциналау жоспарын орындау бойынша «жасыл аймақта».
Қала әкімі Мұрат Әйтенов вакциналау жұмыстарын әлі де күшейту қажеттігіне назар аударды. Қазіргі басты мақсат – тезірек «қызыл аймақтан» шығу. Қалада вакцина жеткілікті. Екпе егудің маңзыдылығы бойынша насихат жұмыстарын әлі де жандандыру қажет.
Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30). Инфекциялық стационарда 504 науқас емделуде (КВИ-278, пневмония- 221, ЖРВИ- 5).
Одан бөлек, қаладағы дәрі дәрмек қорын жүйелі түрде тексеріп тұру керектігін атап өткен М.Әйтенов, «қағаздағы көрсеткіштерді тексеріп отыруда пайда бар.
Қала әкімі штабта баяндалған ақпараттың дұрыстығы алдағы апта үшін шешім шығаруда маңызды роль ойнайтынын, сондықтан да цифрлардың дұрыстығын қадағалауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*