Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: РАМАЗАН АЙЫНДА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТІ ТАРАТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: РАМАЗАН АЙЫНДА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТІ ТАРАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі мен қала мешіттерінің ұйымдастыруымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы басталды.
Акция барысында күніне 1000-ға жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері таратылады. Ізгі шара қасиетті айда 30 күн бойына жалғасады.
Айта кетерлігі, азық-түлік себеттері тізім бойынша беріледі. Егер тізімге енбеген отбасылар келіп сұраса, оларға да үлестіріледі. Қорапшаның ішіне ұн, май, макорон, күріш, шай, қант, құрма сынды қажетті өнімдер салынған. Қаладағы 6 мешітте (Ақмешіт, Ордабасы, Бөртөбе, Байғұт баба, Біләл, Сайрам) дәл осындай азық-түлік жиынтығы беріледі.
Бұрын қасиетті айда ниет еткен жамағат көпшіліке ауызашар беріп, зор сауапқа кенелетін. Қазіргі таңда эпидахуалға байланысты ниет етіп, ораза ұстаған жандар азық-түлік қорабын ала алады.
– Қасиетті Рамазан айының қарсаңында адамзат баласы көптеп жақсылық жасауға асығады. Бұл айда жағдайы бар адамдар әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмектесуі керек. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 күн оразада қайырымды іс жасасақ, сауабы молынан болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз сөзінде осы Рамазан айында әрбір істелген игі іске 10 еседен 700 есеге дейін сауап жазылатынын айтқан. Сондықтан, барлықтарыңызды қасиетті айдың қарсаңында қайырымдылық жасайық, — деген Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қала тұрғындары мен кәсіпкерлеріне игі іске атсалысуға шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*