Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбук әлеуметтік желісінде жазды.
– Құрметті қала тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда Қонаев даңғылының жалғасын кезең-кезеңімен салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі кезеңде Ескі автовокзал аталып кеткен көне қалашық маңындағы Володарский көшесінен Амангелді көшесіне дейін және Әйтеке би көшесінің Тоқаев бағытына қарай бөлігін жабуды жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімінің орынбасары.
Бұл ретте, Мақсұт Исахов бүгін аталған құрылыс бойынша осы маңайдың тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті.
– Өз тарапымыздан жаңа орындар мен тиімді жақтарын ұсындық. Мұндағылардың көбісі құрылыс заттарын сатумен айналысып, жол бойын жағалай базар қалыптастырған. Өздеріңіз білесіздер, қаланың ішінде базардың болуы тиімсіз. Кептелістер, у-шу, ластануы бәрі әсер етеді. Қаланың сәнін кетіреді. Қазір кәсіпкерлердің жекеменшігін мемлекет иелігіне қайтару процестерін атқарып, балама ретінде индустриалды аймақтан 6 ай тегін жалға алуға және 5 жылға дейін тұрақты бағамен келісімшарт ұсынып жатырмыз. Болашақта бұл орындарда Ескі қалашық, Арбат және Қонаев магистральды жолы қалыптасады, — деді Мақсұт Пернебайұлы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*