Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫН ТАПСЫРДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫН ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған құрылыс нысанының жұмыс барысын бақылап қайтты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Қаладағы аса маңызды жолдардың бірі болғандықтан қала басшысы бұл нысанның құрылысын жіті бақылауына алған. Сондықтан әр апта сайын құрылыстың басына барып сапасын қадағалап, құрылысқа кедергі келтіріп отырған мәселелердің шешу жолдарын қарастырып отырады.
Жолайрық құрылысында бүгінге дейін, 70000 текше метр жер жұмыстары, 270 метр тіреу қабырғаларын құю, тіреу қабырғаларының каркасын тоқу, 1,92 шақырым су құбыры, 1,82 шақырым газ құбыры мен 0,6 шақырым байланыс сымдарын орнату сынды тағы басқа жұмыстары аяқталған.
Құрылыс жұмысымен танысу барысында әкім бөлінген қаржының өз мақсатында жұмсалуын қадағалауды және жол жөндеу жұмыстарының барысында бірінші кезекте сапасына баса назар аударуды жауапты сала маманына міндеттеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*