Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ХАЛЫҚТЫҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ДӘРІГЕР

ХАЛЫҚТЫҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ДӘРІГЕР

Жүкті әйелді босандырып қана қоймай, ана мен бала өмірін аман алып қалу ең маңызды сәттердің бірі. Күн, түн демей ана мен бала күзетінде сақшыдай қырағы тұрып, екеуінің де өмірін сақтауға бірден бір жауапты акушер-гинеколог маманның еңбегі өлшеусіз. Сондай абзал жандардың бірі Варзилов Темірхан.
Варзилов Темірхан оңтүстік өңіріндегі білікті акушер гинеколог. Отыз жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келе жатқан білікті маман гинекологиялық оталардың барлық түрін жетік меңгерген.
Дәрігер жылына 400-ден аса әйелге гинекологиялық ота жасайды. Білікті маман көбіне ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге операция жасап, ажалдан арашалап қалады.
Темірхан Исабалұлы бүгінде қаладағы перинаталдық орталықтың бас дәрігері. Орталықтың басшысы болғанымен перзентханаға түскен жүкті әйелдерге шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру, ауыр жағдайдағы науқастарға ота жасауда Варзиловтың күнделікті міндеті кіреді.
Халық ықыласына бөленген, ауыр науқастарды емдеу әдісіне жаңа технологияларды енгізген Т.Варзилов еселі еңбектері еленіп, осы уақытқа дейін бірнеше рет мемлекеттік наградамен марапатталған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*