Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МАҚСАТ — ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

МАҚСАТ — ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарымен жиналыс өткізді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.
2021 жылдың 29 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Бағдат Танкишов қаладағы №135 жалпы орта мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбында сабақ өткізді. Қиын балалардың пайда болу себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жайсыз отбасыларды анықтау мақсатында мектептегі құқықбұзушылыққа бейім балалардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында мектеп инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*