Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ЭКСПОРТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЭКСПОРТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Экспорт жөніндегі кеңес отырысы қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың төрағалығымен өтті. Онлайн форматта өткен жиынға «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы және «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы, «Атамекен» ҰКП мен аудан әкімдері, Шымкент қаласының 35 ірі экспорттаушы кәсіпорындары қатысты.
Отырыс барысында отандық өнімдер экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру мәселелері мен көлік шығындарын өтеу, экспорттаушыларды қолдаудың өзге де жайы талқыланды. Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.
Жалпы қалада машина жасау, металлургия, тамақ өнімдерін өндіретін, жеңіл өнеркәсібінде, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс істейтін 35 белсенді экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді. Өткен жылы тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемі 352,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Әкім орынбасары экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру қала өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне сенім білдірді. Бұл экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы отандық өнім көлемін арттыратынын баса айтты.
Осы жылдың басынан «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығымен отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдерді веб-портал арқылы қабылдауды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша 29 өтінім келіп түскен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*