Шымкент қаласы, Қаратау ауданында бей- берекет қоқыс тастаушыларға рейд жүргізілді.
Ауданындағы негізгі орталық көшелер күнделікті, көпқабатты тұрғын үйлер аумағын аптасына төрт рет, жеке тұрғын үй аумағын аптасына екі рет тазаланады. Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару көпқабатты тұрғын үй секторында күнделікті және жеке секторда аптасына бір рет жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ауданда алты бей — берекет қоқыс орны бар. Олар Бозарық айналма тас жолының жоғарғы жағы; Таскен тұрғын алабындағы шағал тас карьері; Тұран шағынауданындағы Алатау батыр және Абылайхан көшелеріндегі шатқал; Батыс Европа — Батыс Қытай тас жолындағы шатқал; Асар және Ақжайық шағынаудандары аралығындағы бос жер телімі; Мирас шағынауданындағы шатқал. Аталған аумақты мердігерлер өз есебінен үнемі тазалап жатыр.
Қоқыс тастаушыларды тәртіпке шақыру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Рейд барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексіне сәйкестөрт хаттама толтырылып, айыппұл салынды және қоқыс қалдықтарын бей-берекет тастамау жөнінде арнайы тақтайшалар орнатылды.