Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторлары «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ қызметкерлеріне «Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша міндеттері туралы» және бүгінгі таңдағы қолданыстағы еңбек заңнамалары түсіндіру жөнінде кездесу өтті, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz»  ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын жасасу тәртібі, еңбек тәртіптемесі, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу, ауысымдық жұмыстың ерекшеліктері, жұмыс беруші тарапынан болатын кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, жеке еңбек дауларын қарау сияқты жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында болатын өзекті мәселелер туралы айтылды.
Қолданыстағы еңбек заңнамаларын әрбір қызметкердің біліп жүргені маңызды. Басқарма мамандарымен өткен кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтары кеңінен талқыланып, қызметкерлер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*