Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІМЕН, ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ДАРАЛАНҒАН ҰСТАЗ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІМЕН, ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ДАРАЛАНҒАН ҰСТАЗ

Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Қызайхан Өтегенова 40 жылға жуық ұстаздық етіп келеді. Осы жылдар аралығында ол өзінің шығармашылық ізденімпаздығымен, ой тереңдігімен, жаңашылдығымен дараланды. Шәкірттің сабаққа деген ынта — ықыласын оятатын әдістерінің арқасында талай түлектің математика пәніне таңдау жасауына себепкер болды.
Ұлағатты ұстаздың шәкірттері математика пәнінен халықаралық, республикалық олимпиадаларда топ жарып, қаламыздың намысын қорғай білді. «Самұрық» республикалық математикалық-зияткерлік сайысы, «Дарын» республикалық ғылыми — практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсында жүлделі орындарды иеленген.
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен, білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру жолында қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, республикалық «Үздік педагог-2020» байқауында І орын, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білім беру ісінің үздік педагогы — 2020» байқауында І орын, республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында І орынға ие болды.
Қызайхан Оңғарбекқызы халықаралық алгебра пәнінен ұстаздар арасында олимпиадада жүлделі І орыннан көрініп, мектептің мақтанышына айналды. Қызайхан Оңғарбекқызының математиканы оқытудың тиімді тәсілдерін меңгеруге бағытталған авторлық еңбектері әріптестерінің жоғары бағасына ие болып, бүгінде кеңінен қолданылуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*