Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕКПЕ АЛУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЕКПЕ АЛУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекциямен күресудің ең тиімді жолы-ВАКЦИНАЦИЯ!!!
2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР-да, соның ішінде Шымкент қаласында Ресей мен Қарағандыда шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде.
Аталған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өткен және 2020 жылдың соңғы айларынан бастап иммундау үшін сәтті қолданылып келеді. Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») 2021 жылдың 12 ақпанында ҚР аумағында тіркелді.
Шымкент қаласында егу науқанын сапалы өткізу үшін 2000-нан аса медицина қызметкері дайындық курсынан және тестілеуден өтті.
Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының 2-ші компоненті 2021 жылдың 22 ақпаннан бастап, қалалық емханалардың егу бөлмелеріне талапқа сәйкес «суықтық тізбегін» сақтай отырып жеткізіліп, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 2-ші дозасын егу 21 күн аралықпен жасалуда.
Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді.
Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Вакцина SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияға қарсы гуморальды және жасушалық иммунитетті қалыптастырады.
Вакцина алған барлық адамдар алғашқы 30 минут бойы медициналық мекеменің қабырғасында, дәрігердің бақылауында болады.
Одан әрі 3 күн бойы, тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.
Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеді.
Сонымен қатар тұрғындарға вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттері ұйымдастырылды.
Шымкент қаласындағы опера және балет театрында коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Осындағы жылжымалы егу пунктінде №14 емдеу орталығының мамандары театр қызметкерлері мен ерікті түрде келген қала тұрғындарына коронавирусты инфекцияға қарсы екпе салды.
Сондай-ақ, қаладағы №1 және №8 емхана қызметкерлері «ЦУМ» сауда орталығындағы жылжымалы егу пунктінде жұмыс істеуде. Мұнда медицина мамандары сауда орталықтың қызметкерлері мен дүкенге келуші азаматтарға вакцина салуда.
«Шымкент Плаза» сауда-ойын-сауық орталығында егу пункті ұйымдастырылып, тұрғындарға вакцинация жасауда.
Айта кетейік, қоғамдық орындар мен арнайы мекемелерде ұйымдастырылған егу пунктеріне кез келген қала тұрғыны келіп, ерікті түрде вакцина салдыртса болады.
Екпеден бұрын азамат міндетті түрде сауалнама толтырып, дәрігердің тексеруінен өтеді. Қарсы көрсетілімдері болмаса, коронавирусты инфекцияға қарсы вакцина салдыртуына болады.
Бүгінде қала бойынша вакцина салатын егу пункттері күнделікті сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуде.
COVID-19 қарсы екпе алуға жауапкешілікпен қарайық!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары !
Шымкент қаласы «қызыл аймақта» сондықтан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен шығарылған санитариялық-эпидемиологиялық және карантиндік іс шараларды сақтауларыңызды сұраймыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*