Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » COVID-19: ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

COVID-19: ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі қаулысына сәйкес кез келген көпшілік іс-шараларды (ауызашар, еске алу, туған күн, мерейтойлар, беташар той) өткізуге тыйым салынған. Бұл ретте, Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 20 сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды.
Еңбекші ауданы бойынша COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында 6 мобильдік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық СЭҚБ мамандары, аудандық полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлар) құрылған.
Мобильдік (мониторингтік) топтар халықтың көп шоғырланатын орындарында, атап айтқанда 13 ірі сауда үйі мен базарларда және қоғамдық автокөліктерде 3200-ге жуық санитариялық-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, карантин режимін бұзған коммерциялық 289 нысанға хаттама толтырылып, жауапты тұлғаларға айыппұл салынды.
Айта кетейік, Еңбекші ауданы бойынша COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік (мониторингтік) топтар демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс атқарады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*