Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 500-ГЕ ЖУЫҚ ҚАНДАС ҚОНЫС АУДАРДЫ

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 500-ГЕ ЖУЫҚ ҚАНДАС ҚОНЫС АУДАРДЫ

Шымкент қаласына жыл басынан бері 500-ге жуық қандас қоныс аударды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Қалаға жыл басынан бері көшіп келген 340 отбасындағы 464 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың басым көпшілігі, яғни 448 адам көрші Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Сондай-ақ, атажұртқа Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен де қандастарымыз көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр.
Алыс — жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында қалада 11 жылдан бері Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» қызмет көрсетуде. Орталық мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елге оралған азаматтарға 6 ай мерзімде бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін ұсынады.
Қазіргі таңда мұнда 14 отбасы құрамындағы 29 адам елге бейімделуде. Тіпті түрлі мамандықтар бойынша тегін оқу курстары қарастырылған. Қандастарға барлық сұрақтары бойынша ақпараттық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*