Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГТАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

ШЫМКЕНТТІК ОНКОЛОГТАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың медицина мамандары біліктіліктерін арттыруда.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинекология орталығының жетекшісі Ерлан Кукубасов және онкогинекология орталығының дәрігері Орынбасар Бертілеуов қалалық онкологиялық орталықтың дәрігерлері үшін шеберлік сабағын өткізуде. Нақтырақ айтқанда, білікті мамандар жергілікті дәрігерлерге жаңа аппаратта операция жасау кезеңі мен техниканы қолдану әдісі бойынша практикалық дәрістерді үйретуде.
Шараның алғашқы күні Алматы қаласынан келген дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан салмағы 110 келі азаматшаға лапароскопиялық әдіспен ота жасады. Операция жасалған науқастың жасы 67-де. Қатерлі ісіктен бөлек пациенттің қант диабеті, артериалды гипертензия сынды қосалқы аурулары бар.
Қатерлі ісік ауруына шалдыққан артық салмағы бар науқасқа операция сәтті өтті дейді дәрігерлер. Лапароскопиялық әдіспен жасалған отаның арқасында науқас операция жасаған күні кешкісін өздегінен тұрып жүре алады.
Айта кетейік, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының келген мамандар қалалық онкологиялық орталықта 22,23 сәуір аралағында шеберлік сабақтарын өткізіп, жеті науқасқа лапароскопиялық әдіспен ота жасайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*