Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Тұран» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үй құрылысы және бас жоспарға сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.
Кездесу барысында Нұрлан Құдиярұлы іс сапардың маңыздылығына тоқталды.
– Ең алдымен, халықты толғандыратын нәрсе – баспана мәселесі. Одан кейін оны заман талабына сай толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Яғни, мұнда келуіміздің басты мақсаты – жаңадан салынып жатқан үйлердің сапасын бақылау. Өздеріңізге белгілі, «Тұран» шағын ауданындағы 16 көп қабатты тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету мәселе тудырды. Оған біз атсалысып, түйткілдің түйіні тарқатылды. Осындай олқылықтар қайталанбас үшін бүгін арнайы келдік, – деді Н.Бекназаров.
Халық қалаулыларының айтуынша, мәселе тұрғын үйді салып беріп, оны қағаз жүзінде тапсырып, тұрғындарды жайғастыру емес. Мәселе – оларға комфорттық жағдай жасау.
Осы мақсатты көздеген депутаттар аталған ауданның инфрақұрылымына байланысты Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовті тыңдады. Одан бөлек мердігерлермен де тілдесіп, нақты жауаптарын алды.
Кездесу кезінде халық қалаулылары бүгінде Шымкент қаласында тұрғын үй салу барысы өте қарқынды жүріп жатқанын айрықша атап өтті.
Айта кетейік, Сенат депутаттарының іс сапары «Тұран» шағын ауданынан соң, «Әл-Фараби» атындағы мектеп және №2 қалалық ауруханасында жалғасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*