Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ МАРШРУТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ МАРШРУТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді. Жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында кешенді схема бекітілген. Бұл ретте аталған сызбамен жаңа маршруттық желі 78 бағытта ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі таңда аталған желіге сәйкес 23 жолаушылар көлігі жұмысы ұйымдастырылды. Ал ертеңнен бастап қоғамдық көліктердің сызбаларын оңтайландыра түсу үшін маршруттар желісіне өзгерістер енгізілмек.
Қозғалыс сызбалары жүйелендірілетін маршруттардың тізімі қала тұрғындарының шағымдарын саралап, талдай отырып белгіленген. Яғни, №21 («Құрсай» ш.а. – «Айқап» ш.а), №139 («Сайрам» ш.а. – «Ақбар» базары), №133 («Алаш» базары – Тәшенов көш.), №16 («Забадам» ш.а. – Түркістан көш.), №180 («Көкбұлақ» ш.а. – «Автонұр» базары), №191 («Қарабастау» ш.а. – Теміржол вокзалы), №171 («Бозарық» ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №171а («Бозарык» (саяжай) – «Гиперхаус» СҮ), №96 («Қазығұрт» ш.а. – «Автонұр» базары), №45 (Солтүстік саяжай – Ескі қала), №65 («Мәртөбе» ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №32 («Сауле» ш.а. – «Военкомат» аял.), №148 («Шапырашты» ш.а. – «Ақбар» базары), №2 (ш.а. «Самал» – МО №2) автобус бағыттарына өзгерістер еніп отыр.
Қызметтері жаңадан ұйымдастырылатын қоғамдық көліктердің тізімі: №61, №17, №11, №114, №15, №2, №52, №140, №122, №56, №64, №25, №169 және №30 жолаушылар тасымалдау көліктері. Бұл ретте №14, №115 секілді шағын маршруттардың орнына жаңа автобустар жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*