Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 41 ЖЫЛ ТОЛДЫ

ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 41 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Биыл шымкенттік бүлдіршіндердің сүйікті демалыс орынына айналған зообағының бағының ашылғанына 41 жыл толып отыр. «Шымкент мемлекеттік зообағы» Шымкент облыстық атқару комитетінің қаулысымен, қазақтың біртуар ұлы Социалистік Еңбек Ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың жеке бастамасымен ашылған болатын.
Нысанды ескі карьердің орнына орналастыру жоспарланып, көпшіліктің жігерлі еңбегінің арқасында аз уақыт ішінде салынып, 1980 жылы 29 сәуір күні жұмысын бастады.
Құрылыс жұмыстарына 54 мекеме қатысқан. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болған. Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті. Қазіргі таңда зообақта жануарлардың 289 түрі, 2608 басы бар.
Зообақ жыл санап көркейіп келеді. 41 жыл ішінде халықтың игілігі үшін жұмыс істеп келе жатқан зообақ балалар мен келушілер үшін ең сүйікті демалыс орындарының бірі.
Демалыс аймағында әр жаануарға жіті көңіл бөлінген. Келуішілердің көңілінен әбден шығады деуге болады.
Зообақтағы жан — жануарлардың басы мен түрінің артуымен қатар, тазалығы, көгалдандырылуы және қайта құру жұмыстары да атқарылуда. Бұл – үлкен жұмыс.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*