Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ULTTYQ TÁRBIE» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«ULTTYQ TÁRBIE» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басшылығы мен жетекші мамандары өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлеріне «Ұлттық тәрбие» жобаларының бейнетаныстырылымын өткізді.
Бағдарлама аясында «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы негізінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған бірнеше жобалар таныстырылды.
Мақсаты — ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттау.
Тәрбиелік маңызы бар сыныптан тыс іс-шаралар сценарилері балабақшадағы бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 қағидаттарына негізделіп жасалған.
Нәтижесінде танымдық КВЕСТ ойыны, «Dastur start» зияткерлік ойыны секілді ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысатын жастар саны ұлғаяды, жастар бойында ұлттық салт-дәстүрлерді театралдық көріністер арқылы ұғынып, шығармашылық қабілеттері артады, зияткерлік қабілеттері шыңдалады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мотивациялық оқыту онлайн курстарын өткізу жоспарда бар.
Бейнебайланыста таныстырылған тағы бір жоба — «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы. Мұнда қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер (инфографикалар) жобасы даярланады. «Баланы еңбекқорлыққа қалай баулимыз?» тақырыбында ата-аналарға арналған қалта жолнұсқаулығы жасалынбақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*