Шымкент қаласында балалар арасында аурушаңдық көрсеткіші еке есеге көбейген. Балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилованың айтуынша, дерттің артуына байланысты ауруханада жұқпалы ауруларға арналған қосымша төсек-орындар дайындалды.
“Балалар ауруханасы мамандандырылған педиатриялық, хирургиялық көмек көрсететін 315 орындық көпбейінді аурухана. Елімізде орын алған пандемияға байланысты ауруханамызда короновирус инфекциясымен күресу мақсатында қосымша 60 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесі, 9 орындық жансақтау бөлімі, сондай-ақ КВИ сынамасына оң нәтижелі профильді науқастарға 10 төсек-орындық бөлімше ұйымдастырылды. Мамандар қоры инфекционист дәрігерлерімен толықтырылып, науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде.
Қазіргі таңда дабыл қағып айтатын жағдай, балалар арасында аурушаңдықтың күрт өсуі. Қалыпты жағдайда медициналық көмекке жүгінушілер саны 150 шамасында болса, ал қазір тәулігіне көмек алушылырдың саны 2 есе өсіп, 300-ден асуда. Құрметті ата-аналар, егер де балаңыздың бойында тәбетінің төмендеуі, мұрынның бітуі, іш өтуі мен құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалса, жергілікті емханаға барып мамандардың кеңесін алу қажет, ал стационарлық ем кажет болса, уақытты өткізбей ауруханаға келіп медициналық көмек алуға асығыңыздар. Балаларымызды короновирус инфекциясынан қорғаудың бірден-бір жолы карантиндік шараларды сақтап, дер кезінде медициналық көмекке жүгініп ересектер арасында вакцина қабылдау.
«Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады» деген халық даналығы. Қорғансыз балаларымызды короновирус инфекциясынан, біз ересектер өзімізге вакцина егу арқылы ғана қорғай аламыз. Құрметті қала тұрғындары мүмкіншілікті қалт жібермей әлем күресіп жатқан короновирус инфекциясымен күресу жолында дәрігерлермен бірге болып вакцина қабылдауға шақырамын», -дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.