Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: БАС МҮФТИ АТЫНАН 2 МЫҢ АДАМҒА «АУЫЗАШАР СЕБЕТІ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: БАС МҮФТИ АТЫНАН 2 МЫҢ АДАМҒА «АУЫЗАШАР СЕБЕТІ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Шымкентте қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Үшінші мегаполисте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ораза ұстаған тұрғындарға «Ауызашар себеті» үлестірілді.
Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров пен Мұсабек Ақтамберді, аудандық мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.
Дәстүрлі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қайырымдылық шарасының мән-маңызына тоқталып өтті.
– Елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға және ораза ұстазаған азаматтарға үлестіріліп жатыр. Игі іс-шара қалалық «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Қождан ата», «Торлан», «Байғұт баба», «Бойыт ата», «Сейіткәрім қажы», «Аңламас ата», «Шәкірбай қажы», «Шейх Мұхамед Садық», «Ар-Рақиб», «Әл-Біләл», «Тәжібай ата», «Елтай», «Әл-Муслим», «Елтай», «Әкбар қажы Шәкірбай» мешіттерінде ауызашар ас мәзірі әзірленіп, 2 мың отбасыға ауызашар себеті үлестірілді, — деді қаланың бас имамы.
Өз кезегінде, жергілікті тұрғындар Бас мүфтиге алғыстарын айтып, елдің амандығы мен тыныштығына дұға етіп, дән ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен бүгінде қалада «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы бойынша көмек алушылардың базасы жасалған. Бұл ретте шаһардағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*