Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Шымкентте игі бастама қолға алынды.
Қала аумағында ата-анасының мақтанышына айналған, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған үздік сарбаздардың бейнесі билбордтарға ілінуде. Ондағы мақсат – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету. Игі бастамаға Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйытқы болған.
Айта кетейік, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, атап айтқанда, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға 36 АЕК (105 012 теңге) көлемінде ақшалай көмек аударылады.
Сондай-ақ, Шымкентте 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған. Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*