Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Шымкент қаласының эпидемиялық ахуал жөніндегі кезекті штаб отырысындағы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай өте күрделі.
Штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшыларыда қатысты.
Соңғы тәуліктерде Өзбекстан, Бразилия, Германия елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші ұлғайған.
Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі кезде «сары аймақта». Жыл басынан бері КВИ-дің 4 365, соңғы тәулікте 70 адам тіркелді. Жыл басынан бері 3000 науқас емделіп шыққан.
38 бекетте 1 компонент – 136 060 адамға, 2 компонент – 32 383 адамға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егілді. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, екпе алушылар арасында қазіргі кезде мұғалімдер белсенділік танытуда. Медицина қызметкерлері 14 130, құқық қорғау қызметкерлері – 9 188, созылмалы ауруы бар азаматтар – 6831, студенттер – 4359 және басқалар – 79 338.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Инфекциялық стационарда 723 науқас емделуде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов вакциналаудың маңызды екенін, бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де күшейту қажет екенін атап өтті. Насихаттау жұмыстарын жандандыру қажет.
– Байқағаным-созылмалы ауруы бар азаматтардың вакциналану көрсеткіші төмен. Ал олар, нағыз қорғануы керек азаматтар қатарында. Созылмалы ауруы барлардың вакциналануын күшейтіп қана оларды қауіпті санаттан шығарып аламыз.
Індетте өлім-жітімді азайту үшін өздігімен емделудің қауіптілігін айту керек.
Және де вакциналаудың 1-ші және 2 ші компоненттері арасындағы уақыты бойынша нақты әрі түсінікті ақпараттандыру қажет. Карантиндік талаптарды сақтамаған, соның нәтижесінде жауапқа тартылған және рұқсатнамалары алынып жабылған мекемелер бойынша ақпараттарды ашық жариялауды маңызды деп ойлаймыз.
Бүгінгі штабта жаңашыл бағыт ұсынған ешкім жоқ. Бұл сын емес. Дұрыс түсініңіздер. Жалпы жұмыс қарқыны жаман емес. Жұмысқа жаңа бағыт беретін ұсыныстардың болғаны маңызды. Ізденіс болмаса даму болмайды. Вируспен күресте біз жылдам дамуымыз керек. Вирустан тез дамысақ қана жеңеміз. Сондықтан індетпен күрес алгоритміне ұсыныстарыңызды күтеміз — деді қала әкімі.
Жиын соңында, азаматтарды бүгінгі мерекемен құттықтап өткен қала әкімі, қала тұрғындарына денсаулық тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*