Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АҒАЙЫНДЫ ЕМЕЛЬЯНОВТАР ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАМАҚ

АҒАЙЫНДЫ ЕМЕЛЬЯНОВТАР ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАМАҚ

Шымкент қаласының спортшылары – ағайынды Сергей және Тимофей Емельянов жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама жеңіп алды. Олар байдаркада мен каноэде есуден ел намысын қорғамақ.
Ағалы-інілі Емельяновтардың бұл спорт түрін таңдауы кездейсоқтық емес. Олардың алғашқы ұстаздары – әкесі мен анасы еді. Себебі әкесі КСРО-ның каноэден спорт шебері, анасы байдаркадан спорт шебері болған. Ал бүгінде оларды ағалары Михаил Емельянов жаттықтарып жатыр.
2004 жылы Тимофей, 2007 жылы Сергей спортпен айналыса бастады. Қазіргі таңда олар ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Сергей Емельянов — Азия ойындарының күміс жүлдегері, 3 дүркін Жастар арасындағы Әлем Чемпионатын жеңімпазы, Қазан Универсиадасында 500 және 1000 метр қашықтықта каноэде екі күміс жеңіп алды, Жасөспірімдер мен Жастар бойынша 5 дүркін әлем жеңімпазы, XVII және XVIII-жазғы Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері, 2013 жылғы Универсиаданың 2 дүркін күміс жүлдегері, 2017 жылғы Азияның 4 дүркін жеңімпазы, 2021 жыл Азия Чемпионатында алтын медальге ие болды.
Тимофей Емельянов — Азия ойындарының күміс жүлдегері, Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының 3 дүркін чемпионы ( Сергеймен жұпта 200, 500 және 1000 метр қашықтықта үш алтын жеңіп алды), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*