Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОТАНЫҢ АРҚАСЫНДА НАУҚАС ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН АЙЫҚТЫ

ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОТАНЫҢ АРҚАСЫНДА НАУҚАС ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН АЙЫҚТЫ

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта соңғы бір жыл ішінде кеуде қуысының қатерлі және қатерсіз ісіктерімен ауырған науқастарға торакоскопиялық әдіспен операция жасау әдістері кеңінен қолданылылуда. Мұндай операцияның ашық әдіспен жасалатын отадан айтарлықтай артықшылығы бар. Тіліксіз жасалған операциялардан кейін науқастар ота жасалған күні өздігінен тұрып жүруге қабілетті, операциядан кейінгі кезеңде наркотикалық анальгетиктерге қажеттілік болмайды. Сондай-ақ, операциядан кейін ауруханада жату уақыты 3-4 тәулікті құрап, операциядан кейінгі асқынулар өте сирек кездеседі. Ең бастысы, ота науқасқа тіліксіз жасалатындықтан, денеге тыртық түспейді.
2021 жылдың 12 наурызы күні онкологтар 68 жастағы науқасқа торакоскопиялық әдіспен операция жасады. Науқаста ісік профилактикалық тексеруден өту кезінде флюрографиялық тексеруден анықталып, онкологиялық орталыққа жіберілген. Дер кезінде жасалған операция нәтижесінде науқас сырқатынан айықты. Енді 2-3 кунде барлығы жоспардағыдай болса, үйіне шығарылады.
Онкологтар тұрғындарды скринингке өз уақытында барып, ісік анықталған жағдайда жедел онколог дәрігердің кеңесін алуға шақырады. Дер кезінде жасалған отаның арқасында қатерлі ісіктен сауығып кетуге зор мүмкіндік бар дейді мамандар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*