Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОС БІРДЕЙ МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОС БІРДЕЙ МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан қалалық емхана қызметкерлері мен қалалық кірістер басқармасының мамандары арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Адал еңбек пен ар тазалығы сөз болған келелі жиында Штаб төрағасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылы толық күшіне енген ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Ол өз кезегінде, заңсыз сыйақы, сыйлық ұсыну, пара алу және беру әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің қатаңдатылғанын ескертіп, парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі соңғы өзгерістер бойынша қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*