Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Созақ ауданына сапары барысында Шолаққорған ауылдық округінде болып, округ қызметкерлеріне ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсатты жиын әділдік, ашықтық, туралық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарытуды және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды көздейді.
Кездесуде Е.Икрамұлы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, пара бергендер мен парақорлыққа делдал болғандарға көрілетін жаза түрі күшейтілгені туралы Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.
Сондай-ақ, бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріп, жиынға қатысушыларды пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша өзекті сауалдар ортаға салынып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*