Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СУБСИДИЯЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАУДА САУАЛНАМАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СУБСИДИЯЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАУДА САУАЛНАМАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өздеріңізге белгілі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялауға кешенді талдау жүргізуді бастаған болатын.
Негізгі мақсат– субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Осы орайда «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен оған қарасты қала/аудандардағы жобалық кеңселер Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізуде.
Сауалнама нәтижесі бойынша субсидиялау саласындағы анықталған проблемалық мәселелерді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданатын болады.
Осы мақсаттағы барлық сұрақтар бойынша 8776 837 09 00 хабарлассаңыз болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*