Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ — «ЖАСЫЛ» АЙМАҚТАН ШЫҚПАҒАН ЖАЛҒЫЗ ӨҢІР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ — «ЖАСЫЛ» АЙМАҚТАН ШЫҚПАҒАН ЖАЛҒЫЗ ӨҢІР

Түркістан облысы — жыл басынан бері еліміз бойынша «жасыл» аймақтан шықпаған жалғыз өңір. Сала мамандарының пікірінше, бұл – жүйелі жұмыс пен қарқынды вакцинацияның нәтижесі. Өңірде 460 мыңға жуық адам екпе қабылдауға ниет білдірген. Екінші компонентпен 363 мыңнан астам азамат егілген. Облыс көлемінде 128 екпе салдыру пункттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, көшпелі егу бригадалардың саны – 80-ге жетті.
Қазіргі таңда, облыстағы медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар қоры жеткілікті, 60 күнге жетеді. Соңғы тәулікте 42 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,31% құрайды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы өңірде пандемия белең алғалы 766 мыңнан астам азаматтан ПТР сынамалары алынған.
Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1666 адам тексерілді. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.
Айта кетейік, стационарларда 410 науқас ем қабылдап жатыр. Бүгінде мұнда 790 орын бос тұр. Облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*