Қазығұрт ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары мен ауданға қарасты ауыл әкімдерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты — ар тазалығы мен парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Жиында Штаб төрағасы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні толық күшіне енген ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Өз кезегінде, заңсыз сыйақы, сыйлық алу, беру әрекеттер үшін заңның күшейтілгенін ескертіп, айыппұл салынатынын ескертіп, парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.