Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БҮГІНГІ БАСТЫ МІНДЕТ — ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

БҮГІНГІ БАСТЫ МІНДЕТ — ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Қазығұрт ауданында болған Түркістан облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүздесіп, тәртіп сақшыларына туралық пен әділдік аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсатты кездесудің негізгі мақсаты — тәртіп сақшылары арасында адалдық пен ар тазалығы, туралық пен парасаттылық қағидаларын кеңірек насихаттау арқылы халықпен сындарлы сұхбат құру.
Алқалы жиын барысында сөз алған Ерұлан Икрамұлы құқық қорғау орган қызметкерлерінің мемлекет алдындағы айрықша жауапкершілігін алға тартып, бүгінгі күні заңды күшіне енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар реформалармен және Агенттіктің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Бұдан бөлек, республикалық/облыстық Штабтың құрылу мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізуде халықпен кері байланыс орнатудың маңыздылығын түсіндірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*