Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДӘРІГЕРЛЕР АДАЛ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ДӘРІПТЕЛДІ

ДӘРІГЕРЛЕР АДАЛ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ДӘРІПТЕЛДІ

Бүгін Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Қазығұрт ауданына арнайы барып, орталық аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесті.
Жиынның негізгі мақсаты — медицина саласында жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу.
Өз кезегінде Ерұлан Тұңғышбаев абзал жандарды адалдық, парасаттылық қасиеттеріне жақын болуға үндеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Адам жанын арашалап, ауруынан айықтыратын ақ халаттыларға тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп, Әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгерістерді жіті түсіндірді.
Шара соңында арнайы әзірленген бейнероликті ұсынып, дәрігерлердің көкейінде жүрген бірқатар сауалдарына нақты жауап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*