2020 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға және ағымдағы жылдың 5 сәуірі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне жаңашылдықтар енгізілген болатын.
Осыған орай, бүгін Заңнамаға енгізілген өзгерістермен кең көлемде ақпараттандыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Созақ ауданына қарасты бірқатар ұжымның қызметкерлерімен келелі кездесу өткізді.
Ең алдымен, Созақ аудандық полиция бөлімінің инспекторларымен кездескен Департамент өкілі Заңнамадағы жаңашылдықтарды, атап айтсақ сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғалардың ауқымы кеңейтіліп, квазимемлекеттік салаға бақылау күшейтілгенін, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың өз жақын туыстарымен тікелей бағыныста бола алмайтындығын, Қылмыстық кодекске «қылмыс жасауға арандату» деген 412-1-бап енгізіліп, ол бойынша бұдан былай құқық қорғаушылар қылмысты әшкерелеу мақсатында адамды қылмыс жасауға көндіріп, арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Шара соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріліп, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.