Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСТАРДЫ АДАЛ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ – ОТБАСЫНДА БЕРІЛГЕН ТӘРБИЕДЕН БАСТАУ АЛАДЫ

ЖАСТАРДЫ АДАЛ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ – ОТБАСЫНДА БЕРІЛГЕН ТӘРБИЕДЕН БАСТАУ АЛАДЫ

Ел ертеңінің іргетасын қалыптастырушы жас буынның бойында парасаттылық құндылықтарын кең көлемде дәріптеу және адал еңбекке баулу – бүгінгі мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі.
Осы мақсатта, Түркістан қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен әр сенбі сайын тұрақты негізде өтетін «Сенбілік кездесудің» кезекті шарасы өтті.
Игі шараның көздеген негізгі мақсаты — өңірімізге танымал ақын-жазушылардың парасатты өмір жолын Түркістан өңірінің жастарына насихаттау арқылы өнегелі өмір жолына бағыт сілтеу болып табылады.
Сенбідегі танымы мол кештің қонағы — облыс әкімдігі жанынан құрылған әйелдер және әлеуметтік-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, облыстық жас туристер станциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Омирбаева Сауле Өмірсерікқызы болды.
Келелі кездесуде өскелең жастың қоғам алдындағы маңыздылығы, отбасы құндылықтары және бала тәрбиесіндегі негізгі басымдықтар, Түркістан облысының көз тартар тұмса табиғаты мен туристік ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетудегі жастардың үлесі, жаһандану дәуіріндегі ұлттық тәрбиенің маңыздылығы сынды мәселелер ортаға салынып, жиынға қатысушылармен өзара талқыланды.
«Кез-келген өркениетті елдің тамырына балта шабатын сыбайлас жемқорлықты жоюда – жастардың қосар үлесі айрықша. Жастарда ең алдымен, отбасы арқылы, екінші таным-түйсігі мен ішкі рухы арқылы, үшінші қоғам арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптасады. Сол үшін, отбасы тәрбиесінде парасаттылықты, қоғамда мүлдем төзбеушілік мәдениетті қалыптастыруға ерекше басымдық берген жөн», — деді Сауле Өмірсерікқызы.
Киелі өңірде құрметке бөленген парасатты тұлғаның жұртқа белгісіз беймәлім қырларымен танысқан бір топ жастар жиын соңында ой-көзқарастарын ашық баяндап, өзара пікір алмасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*