Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА БІР ВАГОН МАЛ АЗЫҒЫН ЖӨНЕЛТТІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА БІР ВАГОН МАЛ АЗЫҒЫН ЖӨНЕЛТТІ

Былтыр топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының тұрғындары Маңғыстау облысына 1 вагон мал азығы шөп жөнелтті. Ол Жаңаөзендегі шөп жетіспеушілігінен қиындыққа тап болған шаруаларға тегін үлестіріледі.
Ауданның құрметті азаматы Ережеп Қанаевтың бастамасымен ауыл халқы 1,6 миллион теңгеден астам қаржы жинап, қолдағы қаражатқа 1 100-ге жуық нығыздалған шөп (пресс) сатып алынған. Сондай-ақ, ауылдың 30-дан астам жігіттері Сарыағаш ауданындағы Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер тобына қосылған. Жақсылыққа жаны құмар жандардың айтуынша, қиын сәтте бір-бірімізге қолдау көрсету — азаматтық парыз.
Мақталы өңірде орын алған су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға республиканың түкір-түкпірінен көмек көрсетілгені ел ісінде. Сондықтан жерлестерінің ыстық ықыласына бөленген Өргебас ауылының тұрғындары сын сағатта әрбір қазақстандыққа қолдау көрсетуге әзір. Мәселен, аудан тұрғындары бұған дейін де қатты дауылдан жапа шеккен Отырар ауданына 1 миллион теңгеден астам қаржылай көмек көрсеткен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*